22 сәуір 2016 | 16:26

Қайтыс болған шымкенттік кәсіпкер әйел бизнесін дамыту үшін үйін сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлзахира Измадинова Гүлзахира Измадинова

Қайтыс болған кәсіпкер әйел Гүлзахира Измадинова бизнесін дамыту үшін Шымкенттегі үйін сатқан, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Толықтай жанып кеткен мәйітті Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық полицейлері тапқан еді.


Иконка комментария блок соц сети

Қайтыс болған кәсіпкер әйел Гүлзахира Измадинова бизнесін дамыту үшін Шымкенттегі үйін сатқан, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Толықтай жанып кеткен мәйітті Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық полицейлері тапқан еді.

Басылымның мәліметінше, генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша табылған мәйіттің Гүлзахира Измадинова екендігі анықталған. Осыдан кейін қайтыс болған әйелдің бауыры болған оқиға жайлы баяндап берді. "Полицейлер күдіктіден бір миллион 700 мың теңге ақша тәркіледі, бұл оның осы қылмысқа қатысы бар екендігінің бір дәлелі болған сияқты. Бірақ одан бөлек басқа ешкімді ұстамады, білуімізше іздеу де жарияланбады. Себебі менің әпкемде ақша одан да көп болды: ол Павлодарда тауарды өткізіп, айналымдағы ақшамен қатар, түсірген пайдасы да болған... Бұл ақша онда болған қаражаттың жартысы ғана", - деді ол.

Бауырының айтуынша, Измадинова сапарының алдында бизнесін дамыту мақсатында үйін сатып жіберген. Туыстары үйдің ақшасы кәсіпкердің қолында болды дегенді айтып отыр. Айта кетейік, кәсіпкер әйелдің балалары жалдамалы баспанада тұруға мәжбүр болған.

Еске салайық, жоғалып кеткен шымкенттік кәсіпкер әйелдің мәйіті Жамбыл облысынан өртенген күйі табылған болатын. Полицияның мәліметінше, биыл 17 сәуірде Мойынқұм аудандық ішкі істер бөліміне шымкенттік кәсіпкер әйелдің туыстары оның жоғалғанын хабарлаған. 49 жастағы әйел Павлодардан КАМАЗ жүк көлігімен "Екатеринбург-Алматы" республикалық маңызы бар автожолында жүргізушімен бірге келе жатқан.  

"Осы дерек бойынша Жамбыл облысының ІІД басшысы полиция генерал-майоры Тілеген Мәткеновтің бұйрығымен дереу жедел-тергеу тобы құрылды. Бұл топқа полицияның тәжірибелі қызметкерлері кірген. Тергеу басқармасы мен ІІД криминалдық полициясының қызметкерлері Мойынқұм аудандық ішкі істер бөліміндегі әріптестерімен біріге отырып, жергілікті аймақта іздеу жұмыстарын жүргізді, жетуге қиын мекендер де қаралды. Күрделі әрі ірі жұмыстың нәтижесінде 19 сәуірде жоғалып кеткен азаматшаның өртенген мәйіті табылды", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Жедел-іздестіру шараларының барысында осы ауыр қылмысты жасады деген күдік 37 жастағы ер адамға түскен. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Күдіктіден жауап алыну кезінде ол өз қылмысын мойындап, заттай айғақты, яғни ірі сомадағы қаражатты берді, полициялар қаражатты тәркіледі. ІІД өкілдері қазіргі уақытта күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети