21 сәуір 2016 08:49

Жоғалып кеткен шымкенттік кәсіпкер әйелдің мәйіті Жамбыл облысынан өртенген күйі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлзахира Измадинова Гүлзахира Измадинова

Жоғалып кеткен шымкенттік кәсіпкер әйелдің мәйіті Жамбыл облысынан өртенген күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Жоғалып кеткен шымкенттік кәсіпкер әйелдің мәйіті Жамбыл облысынан өртенген күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, биыл 17 сәуірде Мойынқұм аудандық ішкі істер бөліміне шымкенттік кәсіпкер әйелдің туыстары оның жоғалғанын хабарлаған. 49 жастағы әйел Павлодардан КАМАЗ жүк көлігімен "Екатеринбург-Алматы" республикалық маңызы бар автожолында жүргізушімен бірге келе жатқан.  

"Осы дерек бойынша Жамбыл облысының ІІД басшысы полиция генерал-майоры Тілеген Мәткеновтің бұйрығымен дереу жедел-тергеу тобы құрылды. Бұл топқа полицияның тәжірибелі қызметкерлері кірген. Тергеу басқармасы мен ІІД криминалдық полициясының қызметкерлері Мойынқұм аудандық ішкі істер бөліміндегі әріптестерімен біріге отырып, жергілікті аймақта іздеу жұмыстарын жүргізді, жетуге қиын мекендер де қаралды. Күрделі әрі ірі жұмыстың нәтижесінде 19 сәуірде жоғалып кеткен азаматшаның өртенген мәйіті табылды", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Жедел-іздестіру шараларының барысында осы ауыр қылмысты жасады деген күдік 37 жастағы ер адамға түскен. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Күдіктіден жауап алыну кезінде ол өз қылмысын мойындап, заттай айғақты, яғни ірі сомадағы қаражатты берді, полициялар қаражатты тәркіледі. ІІД өкілдері қазіргі уақытта күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүріп жатқанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети