1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

"Қазақмыс" оқиғасы: Адам өлтіру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр

Прокуратура "Қазақмыс" топ-менеджері Амангелді Мініғұловқа жасалған шабуылдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"21 қаңтарда "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-да бас директор Амангелді Мініғұловтың кабинетінде "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС "Кәсіпқорған" кәсіподақ төрағасы Тоғызбай Тәжбенов арасында жанжал болған. Корпорация қызметкерлері бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Полиция қызметкерлері оқиға орнында Тоғызбай Тәжбеновтің денесін және бірнеше дене жарақатын алған Амангелді Мініғұлов пен Тембаева С. А-ны ("Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС бөлім бастығы) анықтаған. Оларға медициналық көмек көрсетілді", - делінген прокуратура хабарламасында. 

"Қазақмыс" бас директорына өз кабинетінде пышақпен шабуыл жасалды

Прокуратура мәліметінше, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Біріншісі - өлтіруге тырысқаны үшін, екіншісі - өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу бойынша. 

"Тергеу амалдарының алғашқы нұсқалары бойынша, Тәжбенов "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС бас директорының кабинетіне тегіс ұңғылы қару (Тәжбеновтің атына тіркелген) алып келгені және ол құралдан бір рет атқаны анықталған. Алайда ол соққыдан ешкім зардап шекпеген. Мылтықпен ату сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалғандықтан және оқиға орнынан дәлелге келетін заттар табылғандықтан белгілі болған", - дейді прокуратура баспасөз қызметі. 

"Қазақмыс" бас директоры туралы не білеміз?

Куәгерлердің айтуынша, оқ атылғаннан кейін Мініғұлов, Тембаев және Тәжбенов пышақ жарақатын алған. Тәжбеновтің өліміне қатысты тергеу мамандары екі нұсқаны - адам өлтіру не өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу дерегі тексеріліп жатыр. Сонымен қатар, Мініғұлов пен Тембаевтың пышақ жарақатын алу дерегіне қатысты кісі өлтіру нұсқасы тексеріліп жатыр. 

Ведомство өкілдері тергеу бастапқы деңгейде екенін айтып, тұрғындардан алдын ала болжам жасамауын сұрады. 

Еске салайық, 21 қаңтарда "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Мініғұлов Жезқазғанда пышақ жарақатын алған. Оған шабуылды "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС "Кәсіпқорған" кәсіподақ төрағасы Т.А.Тәжбенов жасаған. Олардың арасында жанжал болған екен. Сосын ол Мініғұловтың арқасына пышақ жарақатын салған. Оқиға 21 қаңтарда сағат 18.20-да болған. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС маманы С.А. Тембаев та зардап шеккен, ол қақтығыстың алдын алуға тырысқан. Оның кеуде тұсы пышақтан жарақаттанған.

"Сосын, куәгерлердің айтуынша, Т.А.Тәжбенов өз кеудесіне пышақ ұрып, оқиға орнында қаза тапқан. А.М. Мініғұлов пен С.А.Тембаев ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.