27 мамыр 2021 | 17:46

Қазақстанда адам сату ісі 2 есеге артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: nvdaily.ru Иллюстрациялық фото: nvdaily.ru

Қазақстанда биыл адам саудасына байланысты қылмыстар 2020 жылға қарағанда екі есе көп тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда биыл адам саудасына байланысты қылмыстар 2020 жылға қарағанда екі есе көп тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Адам сатуға байланысты 68 қылмыс тіркелді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Біз полицейлердің назарын рейдтік іс-шаралар үшін адамдардың трафигіне ең қолайлы жерлерге аударамыз. Бұл негізінен жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар (57 пайыз немесе 39 қылмыс). Бұдан басқа, шалғай шаруашылықтар, жайылымдар, қыстаулар назардан тыс қалмайды", - деді Шалабаев ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, адам саудасына қарсы тұруда тұрғындардың қырағылығы маңызды рөл атқарады. Қаскүнемдер жастарға шетелде жұмыс беруге, жоғары табыс табуға уәде беретін де жағдайлар барын ескертті.

"Мысалы, осы айда халықаралық қылмыстық топқа қатысты іс сотқа жіберілді, оның мүшелері Қазақстаннан Бахрейнге 38 қызды алдап апарып, онда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткен", - деді Серік Шалабаев.

Бұған дейін Шымкентте 27 мамырда қыздарды сексуалдық құлдыққа сатумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушыларына қатысты сот басталатыны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети