29 наурыз 2022 08:56

Қазақстанда алты ірі газ жеткізушіге қатысты тергеу аяқталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Әлихан Сариев Фото Әлихан Сариев

Қазақстанда құқық қорғау органдары сұйытылған мұнай газын көтерме жеткізушілерге қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы дүйсенбіде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда құқық қорғау органдары сұйытылған мұнай газын көтерме жеткізушілерге қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы дүйсенбіде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сұйытылған мұнай газының алты ірі көтерме жеткізушісіне қатысты тергеу аяқталды. Сұйытылған мұнай газын сатушылар жағдайды пайдаланып, ең жоғары баға белгіленгені анықталды", - делінген хабарламада.

"Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-не қатысты әкімшілік айыппұл салу туралы сот шешімі шығарылды. "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ және "СП Қазгермұнай" ЖШС-не қарсы әкімшілік істер қозғалып, сотқа берілген.

Ал Petrosun ЖШС және "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС қатысты қылмыстық істер қозғалып, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ бойынша іс материалдары қаржы мониторингі агенттігіне берілген.

Сондай-ақ, "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС-нің әрекеттерінде сұйытылған мұнай газын өткізу көлемін заңсыз қысқарту деректері анықталған.

Баспасөз қызметі мәліметінше, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізушілерге қатысты 193 тергеу жүргізіп жатыр, оның 89-ы Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізіледі.

"Нарықтың 65 субъектісінің іс-әрекетінде келісілген іс-қимылдар мен картельдік сөз байласу деректері анықталды. 45 субъектіге қатысты әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жолданды. Әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 92 миллион теңге болады", - делінген хабарламада.

Қаңтарда Қазақстанда сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты жаппай наразылық өтті. Наразылықтар Жаңаөзен мен Ақтауда басталды, содан кейін басқа қалаларда, соның ішінде Алматыда да жалғасты.

5 қаңтарда Мемлекет басшысы Бас прокуратураға бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп сұйытылған мұнай газын сатумен айналысатын компанияларға қатысты тергеу жүргізуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети