Қазақстанда дропперлік схемаларды ұйымдастырушылар адам ұрлауға көшкен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дропперлік схемаларды ұйымдастырушылар адам ұрлауға көшкен Бейнеден алынған кадрлар

Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі ақшаны жылыстатумен айналысқан 33 дропперлік топтың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қылмыстық схемаларды ұйымдастырған 40-тан аса адам анықталып, заңсыз әрекетке 500-ден аса азаматтың тартылғаны белгілі болды. Дропперлердің банк шоттары арқылы жалпы сомасы 112 миллиард теңгеден аса заңсыз қаржылық операциялар жүргізілген.

Анықтама: Дроппер — бұл алаяқтар ұрланған ақшалай қаражатты шығару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланатын тұлға. Әдетте, дроппердің атына банк шоттары мен төлем карталары ресімделіп, олар арқылы заңсыз жолмен алынған ақша аударылады немесе қолма-қол ақшаға айналдырылады.

Ведомство мәліметінше, кейінгі екі айдың ішінде ғана мыңнан аса дроп-карта бұғатталған.

"Мәселен, ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті интернет-алаяқтықтан түскен қаражатты заңдастыру үшін азаматтардың банктік шоттарын пайдаланған халықаралық "дроповодтар" желісінің қызметін тоқтатты. Тергеу амалдарына сай, бұғатталған шоттар арқылы шамамен 17 миллион теңге өткізілген. Кейін ұйымдасқан топ мүшелері шот иесі болған 18 жастағы азаматты күштеп ұстап, күш қолданамыз деп қорқытып, банктік шоттарға қолжетімділікті қалпына келтіруге мәжбүрлеген", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Осыған ұқсас схема Жетісу облысында да анықталды. Әлеуметтік желідегі жұмыс туралы хабарландыруға сенген жергілікті тұрғын кураторлардың нұсқауымен интернет-алаяқтықтан түскен қаражатты өзінің банктік шоттары арқылы қабылдап отырған.

"Кейін қаражатты криптовалютаға айырбастап, ұйымдастырушылардың шоттарына аударып, әр операциядан комиссия алып отырған", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Түркістан облысында дропперлік схема Telegram мессенджеріндегі жасырын куратор арқылы басқарылған. Ол студенттер мен кәмелетке толмағандарды сыйақы ұсынып, интернет-банкингке қолжетімділікті беруге көндірген. Соның салдарынан 20-дан аса адам тергеуге тартылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: дропперлік схемаларға қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +31
Ақтау +30
Ақтөбе +30
Атырау +30
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +31
П
Павлодар +30
Петропавл +31
С
Семей +31
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +31
О
Орал +27
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер