25 желтоқсан 2023 09:30

Қазақстанда полицейлер аса ірі көлемде түрлі есірткі тәркіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ polisia.kz ©️ polisia.kz

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері аумақтық бөліністермен бірлесіп, желтоқсанның екінші онкүндігінде есірткінің ірі партияларын тәркілей отырып, бірқатар қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері аумақтық бөліністермен бірлесіп, желтоқсанның екінші онкүндігінде есірткінің ірі партияларын тәркілей отырып, бірқатар қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында Шу тұрғыны ұсталды. Оның мал қорасынан жалпы салмағы 111 келі марихуана және 3 келі гашиш салынған полипропилен қаптары, сондай-ақ тіркелмеген 12 калибрлі аңшы мылтығы табылды. Күдікті есірткіні Алматы қаласында сатпақ болған.

Алматы облысының Покровка кентінде 37 жастағы әйел ұсталып, одан 61 грамм мефедрон тәркіленді.

Елордалық полицейлер жергілікті тұрғыннан жалпы салмағы 153 грамм болатын мефедрон тәркіледі.

Ақтауда бұрын сотталған қала тұрғынынан жеке тінту кезінде және жалға алынған пәтерін тексеру кезінде 225 грамм психотроптық синтетикалық заттар табылып, тәркіленді.

Петропавлда қала тұрғыны құрықталып, одан жеке тінту кезінде және жалға алынған пәтерін тексеру кезінде 351 грамм "альфа-PVP" синтетикалық заты анықталды.

Атырау көшелерінің бірінде жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктіні жеке тексеру кезінде және пәтерін тінту кезінде полиция қызметкерлері "альфа-PVP" синтетикалық затын тапты. Есірткінің салмағы 115 грамм болды.

"Желтоқсанның екінші онкүндігінде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 150 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі. ІІМ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны, сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеді", – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети