Кеше | 11:08

Қазақстанда шетелдік алаяқтар тобы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция интернационалдық алаяқтар тобының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция интернационалдық алаяқтар тобының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 адамнан тұратын топ, шетелдік азаматтармен бірлесе отырып, облыстың жүзден аса тұрғынын алдаған, олар 100 миллион теңгеден астам шығынға ұшырады.

"Қылмыстық ниеттеріне қолжеткізу үшін олар әртүрлі алдау схемалары мен заманауи технологияларды, яғни қашықтан қолжеткізу қолданбаларын (AnyDesk, Kenguru, Teamviewer) және т.б. пайдаланды. Топтың өзінің "Қолма-қол ақша шешу орталығы" бар, ол дропперлерді пайдаланып, қаражатты криптовалютаға аударып отырған", - делінген хабарламада.

Олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде 35 ұялы телефон, 3 жүйелік блок, 3 ноутбук, 2 пневматикалық тапанша және қымбат нөмірлері бар 3 люкс көлік тәркіленген.

"Топтың 4 мүшесіне қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта олар қамауға алынды. Қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мүлкін тәркілей отырып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарға алаяқтықтың құрбаны болмауды, басқа тұлғаларға жеке деректерді немесе банк шотының мәліметтерін беруден бас тартуы керектігін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.21   550.47   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети