05 желтоқсан 2022 13:13

Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасы ісі: ресейлік Испанияда ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Іздеуде жүрген ресейлік Испанияда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Іздеуде жүрген ресейлік Испанияда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды.

"Астана Полиция департаменті трансұлттық қылмыстық ұйым құрамында Questra Holdings, Questra World, Atlantic Global Asset ЖШС қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 35 жастағы азаматы Испанияда ұсталды", - деді Ішкі істер министрлігі өкілдері брифинг барысында.

Биыл қарашада Қазақстанның тәуелсіздік тарихында ең ірі қаржы пирамидасы Questra World-ты құрды деп айыпталғандар ісі сотқа берілді.

Тергеу барысында 2016 жылдың наурызынан 2017 жылдың маусымына дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында Questra World қаржы пирамидасын құрып, оны құрылымына қазақстандықтарды тартқан трансұлттық ұйымдасқан топтың құрамында болғаны анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети