18 қаңтар 2022 13:03

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: қамауға алынғандар саны туралы мәлімет жаңарды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин қамауға алынғандар саны туралы жаңарған мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин қамауға алынғандар саны туралы жаңарған мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бас прокуратура түрлі құқық бұзу дерегі бойынша ұсталған тұлғалар кінәсі дәрежесін белгілеп, қылмысты ауырлататын мән-жай болмаған жағдайда жазаны жеңілдетеді.

"Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша соталды 695 тергеу басталды, оның ішінде 44-і терроризм актілері бойынша, 15-і - адам өлтіру бойынша, 6 іс насихат жасау дерегі және билікті басып алуға шақыру бойынша. Күдікті ретінде 780 адам ұсталды, оның 695-і сот үкімі бойынша қамауға алды. Бұл істер ауыр және аса ауыр қылмыс санатына жататынына тағы да назар аударғым келеді. Барлық прокурор азаматтар құқығын сақтауды қамтамасыз етеді, қылмыстық іс бойынша барлық айыпталушыға, соның ішінде ұсталғандарға уақытылы заң көмегі көрсетіледі", - деді Сарғазин ОКҚ онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, сотта тәртіпсіздіктерге қатысты 8 354 әкімшілік іс қаралған. Соттар мен прокурорлар жазаны жеңілдететін мән-жай мен айыпталушының жасаған ісіне өкінуін ескереді.

"3 337 құқықбұзушыға тек ескерту жасалды, оларға қамауға алу немесе айыппұл салу түрінде жаза қолданылмады, 1 653 іс бойынша сот айыппұл салды, қазір 1 002 адам қамауға алынды. Сот тағайындаған жазаны жеңілдету мақсатында прокурорлар апелляциялық сатыға 1 758 өтініш енгізді. Қазіргі уақытта прокурорлар өтініші бойынша 676 азамат қамаудан босатылды", - деді Азамат Серғазин.

Оның айтуынша, 344 адамның ісі бойынша айыппұл салу ескертуге ауыстырылған. Сондай-ақ, прокурорлардың жазаны жеңілдетуге және айыппұл салуды ескертуге ауыстыруға бағытталған 738 өтініші қаралу сатысында. Сонымен қатар, Бас прокурордың көмекшісі тағы 358 әкімшілік іс сотқа жолданбай тоқтатылғанын айтты.

Бұған дейін Бас прокуратура ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 494 қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған болатын.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети