Қазақстандық әйел қытайлық ата-анаға бала туып берген

Қазақстандық әйел қытайлық ата-анаға бала туып берген © inbusiness.kz

Красноярскіде суррогат аналарды іздеу және Қытайға бала сату ісі бойынша қылмыс желісін ашты. Суррогат аналардың ішінде Қазақстанның 28 жастағы азаматшасы да болған, - деп хабарлайды inbusiness.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Красноярскіде суррогат аналарды іздеу және Қытайға бала сату ісі бойынша қылмыс желісін ашты. Суррогат аналардың ішінде Қазақстанның 28 жастағы азаматшасы да болған, - деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақстандық әйел өз баласын Ресейде сатқаны туралы биыл қыста хабарланған болатын. Әйел адамға Камбоджа Корольдігі Пномпень қаласында ұрықтандырудың медициналық рәсімі өткізілген. 2020 жылдың сәуірінде ол Ресейде баласын туып, ол үшін 13 мың доллар алған. 

Енді қылмыстың мән-жайы анықталды. Тергеу басқармасының мәліметінше, бала сату іс бойынша 10 күдікті бар, оның бесеуі - суррогат ана.  

Тергеу болжамы бойынша алаяқтар Ресей мен Қазақстаннан ақша үшін суррогат ана атануға дайын әйелдерді іздеген. Олар бала көтергеннен кейінгі медициналық процедура Камбоджада жүргізілген. Ал баланы Красноярскіде босанған. 

Балалар Қытайға жіберілуі керек болған, алайда бұл іс коронавирус пандемиясына байланысты жүзеге аспай қалған. Бүгінде, тергеу мәліметінше, суррогат аналар босанған 19  бала бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети