17 желтоқсан 2020 12:28

Үш қазақстандық Қытай азаматтары үшін суррогат ана болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © Tengrinews.kz Көрнекі сурет © Tengrinews.kz

Үш қазақстандық Қытай азаматтары үшін суррогат ана болды. Красноярскіде жаңадан туған сәбилерді саудалау бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Красноярск өлкесіндегі Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасына сілтеме жасап. 

"Алдын ала болжам бойынша, 2019 жылдың тамызында 32, 27 және 34 жастағы қазақстандық азаматшалар бір миллион рубль көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін Қытай азаматтарының баласын өмірге әкелу туралы келісім жасаған және 2020 жылдың сәуірінде Красноярскідегі медициналық мекемелердің бірінде екі ұл бала мен бір қызды өмірге әкелген. Олар баланы күтушіге қалдырып, өздері Қазақстанға кетіп қалған", - делінген хабарламада. 

Тергеу комитеті РФ Қылмыстық кодексінің 127.1-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Балалар мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды. Олардың биологиялық анасы мен әкесі тергеу үшін және зерттеу жұмыстарын салыстыру үшін биологиялық материал алу мақсатында іздестіріліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети