18 қыркүйек 2020 16:04

Қазақстандық екі судья пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыркүйекте Қазақстан судьялары арасында екі сыбайлас жемқорлық дерегі анықталды. Судьялардың ақша төлегендердің пайдасына үкім шығарғаны әшкере болды. Бұл туралы онлайн-брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік өкілінің айтуынша, Алматы облысы Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты тергеу басталды.

"Ол жеке тұлғадан сот актісін оның пайдасына шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Биғайдаров.

Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотының судьясына қатысты да тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Ол ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы бірнеше азаматтық іст бойынша көрінеу әділетсіз шешімдер шығарды деген күдікке ілінде. Осы дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесін сәйкес жарияланбайды", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети