30 тамыз 2019 09:52

Қазақстаннан Ресейге заңсыз 50 мың литр бензин тасымалдаған ер адам сотталды

Қазақстаннан Ресейге заңсыз бензин тасымалдаған Челябі тұрғыны сотталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан Ресейге заңсыз бензин тасымалдаған Челябі тұрғыны сотталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, ресейлік екі сыбайласымен елден 50 мың литр жанармай алып шыққан. Бұл Ресей аймағында тыйым салынған К4 экологиялық кластағы АИ-92 жанармайы.

Реклама
Реклама

Тергеу мәліметіне сүйенсек, оның бұл әрекетін дәлелдеу үшін ондаған сараптама жүргізілді. Келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгеге бағаланып отыр. Сот 45 жастағы ер адамды кінәлі деп танып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram