1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қазақстанның төрт облысында полицейлер ұсталды

видеодан үзінді видеодан үзінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еліміздің бірнеше аймағында полиция қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздігімен бірлесіп бірқатар облыстарда ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алды.

Батыс Қазақстан облысында Полиция департаменті патрульдік полицияның бірқатар қызметкерлері, соның ішінде взводы командирі, полиция капитаны арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алды.

Олар жол ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жүйелі түрде пара алғаны үшін күдікке ілінді.

Взвод командирі ұсталып, Орал қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сол сияқты, Шымкент қаласында жол ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 130 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін қалалық патрульдік полиция қызметінің полиция лейтенанты күдікке ілінді.

Алматы облысында Талдықорған қаласы Полиция басқармасының аға тергеушісі, полиция капитанының қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді қабылдағаны үшін азаматтан 50 мың теңге пара алуына қатыстылығы тексеріліп жатыр

Маңғыстау облысында пробациялық бақылаудағы тұлғадан жалпы қамқорлық пен қоғамдық жұмысқа тарпауға 60 мың теңге пара алғаны үшін күдікке ілінген облыстық Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің департаментінің Мұнайлы ауданы пробация қызметінің  бөлім басшысына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді кінәсінің дәрежелерін анықтай отырып сот шығарады.