19 маусым 2017 | 18:29

ҚазҰАУ жатақханасында әлімжеттік жасалды - сотталушы ақша бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 1-курс студенті Дидар Болысбектің жатақханада төбелес кезінде қайтыс болуына байланысты сот процесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 1-курс студенті Дидар Болысбектің жатақханада төбелес кезінде қайтыс болуына байланысты сот процесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық іс бойынша келесілер анықталды: Тұрақты табыс көзі жоқ, қаражатқа мұқтаж Асамов Тойчибек бөтеннің мүлкін, күш қолданамын деп қорқытып алу, қылмысын жасау қылмыстық ой-пиғылы пайда болады. Аталған қылмыстық ой-пиғылын жүзеге асыру мақсатында Асамов 2017 жылдың 5 наурызында сағат 20.00 шамаларында Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі №542 үй мекенжайында болып, өзі Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің 2-курс студенті бола тұра және де осы оқу орнының №10 жатақханасында тұрып, сол жатақханада тұратын ҚазҰАУ 1-курс студенттеріне әлімжеттік көрсетіп, әрқайсысына күш қолданамын деп қорқытып жалпы сомасы 5 000 теңге ақша талап еткен", - делінген айыптау актісінде.

Сондай-ақ, Асамов талап етілген жалпы сомасы 5 000 теңгені болатын ақшалай қаржыны бермеген жағдайда осы оқу орнында өзімен бірге оқитын 2-курс студенттірмен бірге келіп, күш қолданатынын айтып қорқытқан. Өз кезегінде 1-курс студенттері 5 000 теңге ақшалай қаржыны Асамовқа жинап берген. Асамов ақшаны қылмыстық жолымен иемденіп алып, өзінің керегіне жұмсаған.

Осылайша, Асамов Тойчибек Хайруллаұлы қорқытып алып, күш қолданамын деп бөтеннің мүлкін қорқытып алған. Яғни, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 194 бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша айыпталып отыр.

"Өзінің қылмыстық іс-әрекетін тоқтатпай, істеген іс әрекеті үшін жазаланбаған Асамов бұл жолы жеке адамға қарсы ауыр дәрежедегі қасақана қылмысты жасаған. 2017 жылдың 12 сәуірінде сағат 00.30-де Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің 2-курсының студенттері мен Асамов пен осы аталған оқу орнының 1-курс студенттері және де марқұм Дидар Болысбектің араларында Алматы қаласы Сейфуллин көшесі №542 үй - ҚазҰАУ-дың №10 жатақханасының ішінде сөзбе-сөз шиеленіс пайда болған. Сол сөзбе-сөз шиеленістің нәтижесінде 2-курс студенті Асамов ерекше белсенділік көрсетіп, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстық ой-пиығылы туындаған.

Қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, қылмыстық ой-пиғылын жүзеге асыру мақсатында, Асамов 1-курс студенттерін №10 жатақхананың 3-қабатында орналасқан №300 бөлмеге алып барады. Осы сәтте ол өзінің жеке адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру, қылмыстық іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында Дидар Болысбекке қарама-қарсы келіп, оң жұдырығымен көкірек тұсынан соқы жасайды. Осы соққыдан Дидар Болысбек жерге қарай құлайды, алайда Асамов соңғының жерге ауыр халде құлағанына қарамастан қайталай бірнеше рет Болысбектің көкірек қуысына ауыр соққылар жасаған. Күтпеген жерден алынған соққылардың нәтижесінде Дидар Болысбек оқиға болған жерде көз жұмған", - делінген айыптау актісінде.

Осылайша, Асамов денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге бағытталған қылмыстық ойын ақырына дейін жеткізіп, Болысбектің денсаулығына ауыр физикалық зардап келтіріп, абайсызда өліміне әкеп соққан.
2017 жылдың 17 сәуірінде Дидар Болысбекке тағайындалған сот-медициналық сараптаманың №806 санды сарапшы қорытындысына сай, Болысбектің өлімінің себебі - денсаулығына келтірілген ауыр деңгейдегі зақым.

Осылайша, 1996 жылғы Асамов Тойчибек Хайруллаеұлы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру  - жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда өліміне әкеп соққан, яғни ҚР Қылмыстық Кодексінің 106 бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

14 маусымда Алматы қалалық Бостандық ауданының №2 сотында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 1-курс студенті Дидар Болысбектің өліміне қатысты сот отырысы басталуы тиіс еді. Алайда зардап шеккен тараптың келмеуіне байланысты судья сот отырысын кейінге қалдырған болатын.

Еске сала кетейік, биыл 12 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жатақханасында болған жаппай төбелестен студенттің қаза тапқаны хабарланған болатын. Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 адам төбелескен. 

Ал кейінірек ҚазҰАУ студентінің өліміне күдіктілер ұсталған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети