27 қараша 2014 15:52

Кепілге алынған көліктермен айла-шарғы жасаған алаяқ 7,5 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mail.ru ©mail.ru

Алматылықтардың 860 мың долларын алдап алып кеткен Тимур Құсайыновқа сот жалпы режимдегі колонияда 7,6 жылға жаза өтеуге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іс материалдарына сәйкес, ол кепілдендірілген көліктерді арзан бағамен сатып, ақшаны алып алғанннан кейін қашып кететін болған.


Алматылықтардың 860 мың долларын алдап алып кеткен Тимур Құсайыновқа сот жалпы режимдегі колонияда 7,6 жылға жаза өтеуге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іс материалдарына сәйкес, ол кепілдендірілген көліктерді арзан бағамен сатып, ақшаны алып алғанннан кейін қашып кететін болған.

"Сот Тимур Құсайыновты жалпы режимдегі колонияда 7 жыл 6 айға жаза өтеуге үкім шығарды", - делінген соттың қаулысында. Ол келтірілген шығынды да өтеуі тиіс. 

Жәбірленгендердің адвокаттарының айтуынша, сотталушы автокөліктерді "Колеса" сайтында сатып алып, оларды кепілдегі көлік деп, нарықтағы құнынан арзан бағаға сатып жіберіп отырған. Осылайша ол сатып алушылардың сеніміне ие болады. Кейін біршама уақыт өткен соң ол автокөліктің толық құнын сұрап, автокөлікті жеткізіп бермеген. 

Жәбірленушілердің бірі Әсия Бахамова Құсайыновтың өзін брокер деп таныстырғанын айтады. "Өткен жылдың қараша айында мен Құсайыновқа 17 мың доллар бердім, ол маған 2006 жылғы, ақ түсті, Еуропада құрастырылған, қозғалтық көлемі 2,4 литр болатын Toyota Rav 4 көлігін әкеліп беремін деп уәде берді. Жеткізіп беру уақыты бірте-бірте аптаға, кейін айға созыла берді, ал кездесуге шақырсақ не ақшамды қайтарамын деп, не жақын арада көлікті жеткізіп беретінін айтып жүрді", - деді ол.

Бахамова алаяқтың құрбаны болғандардың арасында бұдан да көп сомада ақша өткізгенін, мәселен жақсы көлік сатып алу үшін 60-70 мың доллар ақша бергендер де болғанын айтады. Ал айла-шарғы жасағаны белгілі болған кезде алаяқ құқық қорғау органдарына арыз жазбауы үшін оларды қорқытуға да барыпты. 

Айта кетейік, мұндай қулық-сұмдық кең таралған. Мәселен, осы жылдың маусым айында "Альшейхмоторс" автосалонының директоры да сотталушы орнынан бірақ шықты. Ол өз клиенттерін жарты миллион теңгеге алдап кеткен. Кәсіпкер Біріккен Араб Әмірліктерінен көлік жеткізіп беремін деп, келісімшарт жасасу арқылы алдын ала төлемін алған да уәдесінде тұрмаған. Айта кетейік, аукциондарда кепілдендірілген көліктер жиі сатылады - Алматыда арнайы орын бар. Бірақ заңгерлер қазақстандықтарға көлік сатып алу кезінде алаяқтың құрбанына айналмай үшін барлық құжаттарды дұрыстап тексеріп алуға шақырады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети