Рудныйда көршісі анасымен қоса өртеп жіберген баланың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Рудныйда көршісі анасымен қоса өртеп жіберген баланың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үш жасар бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Қайғылы оқиғадан бері 20 күнге жуық уақыт өткен. Денесінің 50 пайызын күйік шалған бала ауруханаға түскен. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.
"Біраз күйген жері жазылды, жағдайы тұрақталды. Қазір ота аяқталды, аяқ-қол, кеуде және арқаның бір бөлігіне тері пластикасы жасалды", - деді Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Зардап шеккен баланы облыстық балалар ауруханасының травматологтары емдеп жатыр. Дәрігерлердің үлкен тәжірибесі бар.
Еске салайық, бұған дейін 44 жастағы ер адам көршісімен араздасып қалып, оған керосин шашып, өртеп жібергені хабарланған болатын. Осы кезде әйелдің қасында баласы болған. Дерек бойынша полицейлер "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша соталды тергеу амалдарын бастады. Күдікті қамауға алынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!