06 сәуір 2022 11:51

Керосин шашып, өртеп жіберген: рудныйлық баланың жағдайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Рудныйда көршісі керосин шашып, өртеп жіберген үш жасар бала жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Өміріне қауіп жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Рудныйда көршісі керосин шашып, өртеп жіберген үш жасар бала жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Өміріне қауіп жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дәрігерлер науқастың жағдайын ауыр деп бағалап отыр, бірақ өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дүйсенбіде Степанның қолына, кеуде және арқа бөлігіне пластикалық ота жасалды", - дейді Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Осы оқиғадан кейін бұл іске Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша ресми өкілі Арайлым Аманқұлова да қосылған. Ол зардап шеккен балаға көмек көрсету жұмысын үйлестіретінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін 44 жастағы ер адам көршісімен араздасып қалып, оған керосин шашып, өртеп жібергені хабарланған болатын. Осы кезде әйелдің қасында баласы болған. Дерек бойынша полицейлер "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша соталды тергеу амалдарын бастады. Күдікті қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети