12 тамыз 2020 14:04

Киіктерді атып, мүйіздерін кәсіп қылған ақтөбеліктер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік полицейлер киіктерді атып, олардың дериваттарын сатумен айналысқан бір топ адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Ақтөбелік полицейлер киіктерді атып, олардың дериваттарын сатумен айналысқан бір топ адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, күдіктілер жойылып бара жатқан киік жануарының 70 басын атып, мемлекетке және қоршаған ортаға үлкен зиян келтірді

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер Ақтөбе қаласы Әйтеке би ауданы тұрғындарының киік дериваттарын заңсыз ату мен сату айналымына қатыстылығы туралы жедел ақпарат алды.  10 тамызда Қарабұтақ кентінде күдіктілермен кездесу ұйымдастырылды, полицейлер сатып алушылар ретінде кездескен", – дейді ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, арнайы қабылданған шаралар нәтижесінде облыстық ПД қызметкерлері бұрын сотталған төрт адамды ұстады, олардың екеуі Әйтеке би ауданының шаруа қожалықтарының басшылары болып шықты. Күдіктілерден жалпы салмағы 50 кг болатын 135 дана дериват (мүйіз), 11 дана қол таразы тәркіленді.

Сонымен қатар, күдіктілердің бірінің үйін тінту барысында тіркелмеген мылтық тәркіленіп, қорадан екі киік пен жабайы қабан табылды.

Осылайша, күдіктілер мемлекетке және жойылып бара жатқан жануарлар түрлеріне үлкен залал келтіріп, жалпы алғанда 70 бас киікті атқан. Берілген факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігі ("Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз іс жүргізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети