04 желтоқсан 2020 10:04

Көкшетауда 13 жастағы қызды зорлау және өлтіру ісі жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда 13 жастағы оқушыны өлтіру және зорлау ісі күдіктінің өліміне байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Көкшетауда 13 жастағы оқушыны өлтіру және зорлау ісі күдіктінің өліміне байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, қылмыстық іс материалдарымен жәбірленушінің өкілдері мен күдіктінің анасы адвокатымен бірге танысқан.

Полицейлердің мәліметінше, олар алдын ала тергеу органдарының дәлелдеріне қарсы шықпаған және қабылданған процессуалдық шешімге келіскен. Істің тоқтатылу себебі - күдіктінің қайтыс болуы.

"Соталды тергеу барысында 10-нан аса сот сараптамасы жүргізілді, 100-ден аса адамнан жауап алынды, жәбірленуші мен күдіктінің жүрген жері бойынша сыртқы бақылау камераларынан видео жазбалар мен олардың ұялы телефондары зерттелді.

Жүргізілген жедел тергеу іс-шаралары барысында күдікті анықталып, оның кінәсін дәлелдейтін мәліметтер жеткілікті алынды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Еске салайық, 20 тамызда 13 жастағы оқушы Красный Яр ауылындағы шаштаразға кеткен болатын. Оның денесі бір аптадан кейін зорлық-зомбылық белгілерімен табылды.

Аталған дерек бойынша ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіруге" сәйкес соталды тергеу басталды, кейіннен 120-бабы "Зорлау" бойынша қосымша эпизод қозғалды. Полиция күдіктіні тапты, бірақ жауап алғаннан кейін ол өз-өзіне қол салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети