24 маусым 2022 13:41

Көкшетауда 34 мың темекі өнімін заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚМА Фото: ҚМА

Көкшетау қаласының дүкендерінде 20 миллион теңгеге контрабандалық темекі өнімдерін сатпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.


Көкшетау қаласының дүкендерінде 20 миллион теңгеге контрабандалық темекі өнімдерін сатпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз кәсіпкерлік дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.

"Газель" маркалы автокөлікті тексеру барысында акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Темекі өнімдері көлікке Нұр-Сұлтан қаласындағы "Әмір" әмбебап базарының аумағында тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген. Жедел іздестіру кезінде сол маркадағы темекілер табылды", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараты бойынша, 34 500 дана темекінің құны 20 355 000 теңге болады.

ҚР КПК-ның 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәлімет жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети