28 ақпан 2020 13:22

Көкшетауда кафе иесі қонағын ұрып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда дәмхана иесі клиентін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көкшетауда дәмхана иесі клиентін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қылмыс 25 ақпанда Көкшетау қаласының ойын-сауық орындарының бірінде жасалған. Жедел жәрдем станциясының фельдшері полицияға 1987 жылы туған ер адам үйінде қайтыс болғанын хабарлаған. Еер адамның денесінде, мұрын маңында гематомалар болған және оң қасы жыртылып кеткен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері дене жарақаттарын жергілікті кафелердің бірінде мекеме иесі келтіргенін анықтады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство ақпаратына сәйкес, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

"Сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау шараларын қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети