06 сәуір 2015 13:15

Көкшетауда көлік айдап әкеткісі келген адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©the-1.ru ©the-1.ru

Көкшетауда көлік айдап әкеткісі келген адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көкшетауда көлік айдап әкеткісі келген адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақмола облысы ІІД жол-патруль полицейлері осы жылдың сәуір айының төртінші жұлдызына қараған түнінде Көкшетау қаласында автокөлікті айдап кету жағдайының жолын кесті", - делінген баспасөз хабарламасында.

Түнгі қаланы патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары түнгі үш шамасында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында Volkswagen Passat автокөлін ашуға тырысқан күдіктіні байқап қалады. Көліктің құлыптаулы есігін ашып кірмек болған оны полицейлер ұстап, ішкі істер бөліміне жеткізді. Оның бұл іске автобөлшектеу және автокөліктің қосалқы бөлшектерін сату үшін барғаны айтылады.

Қазіргі уақытта ұсталған ер адамның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. ҚР ҚК 24-200-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды (айдап кету), тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды жеке-меншіктерін өте ұқыпты ұстауға шақырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети