03 наурыз 2014 | 18:40

Көкшетауда көшеде төбелескен төрт жігіт қолға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Newregion.kz ©Newregion.kz

Көкшетауда сыртқы бақылау камерасының көмегімен көшеде өзара төбелескен жігіттер ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлер төрт күдіктіні қолға түсірген. "Оқиға 2 наурыз күні облыс орталығындағы мейрамханалардың бірінде болды. Кейін анықталғандай, мейрамханаға келушілердің арасында жанжалды жағдай шыққан, оның арты көшедегі төбелеске ұласады. Сыртқы бақылау камерасының көмегімен патруль экипаждары күдіктілерді оқиғаның ізін суытпай қала көшелерінің бірінен ұстады", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта 25-33 жас аралығындағы күдіктілер кінәларын мойындаған. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Еске сала кетейік, 25 ақпанға қараған түні Астанада көшеде өзара төбелескен тоғыз адам ұсталған болатын. Олардың бәрі бір мекеменің жұмысшылары болып шықты. Төбелес сыртқы бақылау камерасына іліккендіктен жол-патруль полициясы күдіктілерді оңай қолға түсірген. Бұл тоғыз адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети