04 наурыз 2021 16:50

Қоқыс тастап келгенше тонап үлгереді. Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Алматыда бұрын сотты болған екі күдікті 10-ға жуық пәтерге ұрлыққа түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда бұрын сотты болған екі күдікті 10-ға жуық пәтерге ұрлыққа түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктілер қолына түскен құнды заттың барлығын ұрлаған.

1990 және 1994 жылы туған екі күдікті Алматы іргесіндегі ауылда көрші тұрады. Олар бұрын мүлік бойынша қылмыс жасаған, Қылмыстық кодекстің бірдей бабы бойынша сотталған. Олар пәтерлерге кілттерді іріктеу арқылы кірген. Бөтен адамдардың үйіне кіріп, тез арада ақша мен бағалы заттарды тауып отырған. Олар өте тез қимылдаған, өйткені ненің қай жерде тұратынын біледі. Қылмыскерлердің жылдамдығы қоқыс шығаруға шыққан немесе дүкенге барып келген үй иелерін таңғалдыратын, өйткені олар қайтып келгенде үйлерінің тоналғанын көреді, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Екі күдікті мүлдем із қалдырмауға машықтанған, өйткені мұқият әрекет етіп үйренген. Алайда Алматының Алмалы аудандық полиция басқармасы күдіктілерді аз уақыт ішінде анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсталғандарға қатысты Қылмыс кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Олар кем дегенде 10 пәтерге ұрлыққа түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети