05 маусым 2019 17:23

Қоластындағылардан сыйақы жинаған. Алматы МКҚБ басшылары сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© politring.com © politring.com

Бағыныштылардан сыйлықақы жинауда әшкереленген Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бағыныштылардан сыйлықақы жинауда әшкереленген Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментімен Алматы қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын.

Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотының үкімімен Алматы қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы И. Дзигалюк, батальон командирі А.Арашев, оның орынбасарлары Б.Нысанбаев және А.Орынбаев бөлімнің жеке құрамынан жалпы сомасы 22 миллион теңге болатын сыйақы төлемдерінің жарты бөлігі ретіндегі ақшалай қаражат жинауда көрініс тапқан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалануда кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен И.Дзигалюк, А.Арашев, Б.Нысанбаев және А.Орынбаев мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда және холдингтерде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеуге тартылды.

Сотталғандар сондай-ақ 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды және арнайы полиция атақтарынан айырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети