30 сәуір 2019 14:41

Колония қоршауынан марихуана лақтырмақ болған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vistanews.ru © vistanews.ru

Жамбыл облысында кептірілген марихуана лақтырмақ болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жамбыл облысында кептірілген марихуана лақтырмақ болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/7 түзеу мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері түскен мәліметтерге сәйкес, жедел іздестіру-шаралары барысында үйінде кептірілген марихуана сақтаған азамат құрықталды. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас елдімекеніндегі Б.Момышұлы көшесінде тұратын азамат бұл затты ЖД-158/7 мекемесінің негізгі қоршауы бойынша лақтыру үшін сақтағанын мойындап отыр", - делінген хабарламада.

Тексеру барысында бұл азаматтан өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат табылды. Жүргізілген сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша, осы зат (салмағы 1 келі 80 грамм) "кептірілген марихуана" екені анықталған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети