Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды 21 қыркүйек 2023, 14:32

Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды. Бұл туралы полиция Massaget.kz-ке берген жауабында мәлімдеді, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры видео кадры

Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды. Бұл туралы полиция Massaget.kz-ке берген жауабында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек Алатау аудандық полиция басқармасында тіркелген.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікті "ізін суытпай" ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген полицияның Massaget.kz-ке берген жауабында.

Еске салайық, бұған дейін композитор Арман Қайназаров қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл ақпаратты Massaget редакциясына журналист Тимур Нұғман растады.

"Ол 4 қыркүйекте Шаңырақ шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп қалған. Сол күні жансақтау бөліміне түсті. Кейін комаға түскен. 19 қыркүйекте ол қайтыс болды", - деген еді журналист.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram