Қордайдағы қақтығыс: 90-қа жуық қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қордайдағы қақтығыс:  90-қа жуық қылмыстық іс қозғалды © Tengrinews.kz/ Алихан Сариев

Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-қа жуық қылмыстық іс қозғалды, олардың 11-і - адам өлтіру дерегі бойынша. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Бүгінде 100-ден аса адамнан жауап алынды, процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажетті процессуалдық дәлелдерді алған соң кінәлілер жауапкершілікке тартылады", - деді Қожаев.

"Қылмыстық істер өте көп, оған қоса, күнделікті тағы қосылып жатыр. Себебі қақтығысқа қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Бүгінде 90-қа жуық қылмыстық іс қозғалды", - деді ол.

Ведомство өкілі нақты қанша адамның ұсталғаны жайлы мәліметті кейінірек айтуға уәде берді.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +25
Ақтау +26
Ақтөбе +29
Атырау +30
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +19
П
Павлодар +22
Петропавл +22
С
Семей +23
Т
Талдықорған +27
Тараз +32
Түркістан +28
О
Орал +22
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер