28 тамыз 2018 11:55

Қорғаста "Виагра" мен iPhone-ның ірі партиясы тәркіленді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан алынған сурет видеодан алынған сурет

"Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында ірі смартфон партиясы, қаракүзен өнімдері мен Қазақстанда рұқсат етілмеген дәрілер тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШМЫХО баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеден қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе тексеру жүргізу барысында 131 келі дәрі-дәрмек (негізінен "Виагра"), 62 қаракүзен ішігі және 36 iPhone смартфонын анықтап, тәркілеген. 

"Кедендік тесеру кезінде ұсталған тауарлар жолаушы кедендік декларациясында көрсетілмеген. Бұл үлгілер Орталық кедендік зертханаға тауарлардың құрамы мен сипаттамасын, сондай-ақ одан әрі жіктеу және кедендік құнын анықтау үшін жіберіледі. Осыдан кейін кедендік заңнаманы бұзғандарға қатысты сот шешімін шығару туралы шешім қабылданды" , - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети