02 шілде 2018 17:15

Қостанай облысында әйелі бұрынғы күйеуін сабап тастаған

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстративное фото: pixabay.com Иллюстративное фото: pixabay.com

Затобол ауылының тұрғыны бұрынғы күйеуін аз алимент төлегені үшін ұрып тастады, - деп хабарлайды alau.kz.


Затобол ауылының тұрғыны бұрынғы күйеуін аз алимент төлегені үшін ұрып тастады, - деп хабарлайды alau.kz.

Сот отырысында әйел жәбірленушімен ажырасып кеткенін айтты. Олардың кәмелетке толмаған екі жастағы баласы бар. Әйел кінәсін мойындамады және бұрынғы күйеуімен татуласқысы келмейтінін жеткізді.

Жәбірленуші өзінің бұрынғы әйелімен баласы үшін үнемі жанжалдасатынын сотқа хабарлады. Әйелі оны аз алимент төлейді деп айыптаған және баламен кездесуге мүмкіндік бермеген.

Ер адам қамқоршылық және қорғаншылық органдарына жүгініп, оған баламен қарым-қатынас жасау үшін арнайы уақыт бөлінгенін мәлімдеді. Баламен байланыс орнату тәртібіне қарамастан, 27 мамырда бұрынғы ерлі-зайыптының арасында ұрыс болған. Нәтижесінде ер адамның денсаулығына зиян келген.

Адвокаттың тарапы мен дәлелдерін тыңдағаннан кейін, іс материалдарын және қолда бар дәлелдерді тексеріп, прокурордың қорытындысын тыңдағаннан кейін сот іс бойынша барлық мән-жайды ескерді.

Қостанай аудандық сотының шешімімен әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды (34 035 теңге).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети