25 қараша 2019 12:38

Қостанай облысында екі таныстың отырысы кісі өлімімен аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы Сарыкөл ауылында 39 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болған, - деп хабарлайды "Алау" облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қостанай облысы Сарыкөл ауылында 39 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болған, - деп хабарлайды "Алау" облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сарыкөл ПБ кезекші бөліміне 33 жастағы әйел қоңырау шалып, Сарыкөл ауылындағы Набережная көшесінің бойындағы үйлердің бірінде ер адамның мәйіті жатқанын айтқан. 

"Полицейлер оқиға орнына келгенде Сарыкөл ауылының 41 жастағы тұрғыны өз үйінде танысымен спирттік ішімдік ішіп отырып, кенеттен шыққан жанжал салдарынан жанында отырған адамның кеуде тұсына пышақ ұрғанын анықтаған. 39 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапқан", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети