4 қазанда жоғалып кеткен Ольга Николаевна Горбунова Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Бозбек ауылының маңында өлі табылды, - деп хабарлайды "Наш Костанай" басылымы.
4 қазанда жоғалып кеткен Ольга Николаевна Горбунова Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Бозбек ауылының маңында өлі табылды, - деп хабарлайды "Наш Костанай" басылымы.
42 жастағы әйел дүкенге шығып кетіп, сол күйі үйге оралмаған.
"Әкем жұмыстан келіп, демалып жатты, ал анам дүкенге шығып кетті. Дүкен үйімізден 15 минут қашықтықта. Өзімен бірге құжаттарын алған жоқ. Бір сағат өтті. Сосын әкем соңынан шықты. Анам еш жерде болмады. Адамдар оның дүкенге кіргенін және шыққанын көрген. Ал үйге ол сол күйі оралмады", - деген еді өлі табылған әйелдің қызы Анна Ковалькова.
Әйелді іздестіру жұмыстарына полиция, еріктілер мен жергілікті орман шаруашылығының қызметкерлері қатысқан еді. Оның денесі батпақтан табылды. Өлімінің себебі әзірше анықталған жоқ. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Әйелдің туған әпкесі Лилия Бурдинская alau.kz басылымына оның денесінің сенбіде таңғы уақытта үйінен екі шақырым жерден тапқандарын нақтылады.
Айтуынша, әйелдің артында ұлы мен қызы қалды.
Еске сала кетейік, осыған дейін кеше Қостанай облысында жоғалған кәсіпкердің денесінің қамыстан табылғаны хабарланған болатын. БАҚ мәліметінше, Александр Коржавин 8 қазанда Ақсуат ауылының маңындағы Қарасор көлінде жоғалып кеткен. Оны туыстары, полиция, еріктілер мен құтқарушылар іздестірген. Іздеу шараларына үлкен күш жұмсалған. Барлығы да Александр Ильичтің тірі табылатынына сенген еді.