14 қазан 2017 14:20

Қостанай облысында жоғалған кәсіпкердің денесі қамыстың арасынан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kstnews.kz © kstnews.kz

Қостанай облысында жоғалған кәсіпкердің денесі қамыстың арасынан табылды. Бұл туралы "Костанайские новости" басылымы ҚР ТЖК Солтүстік РАОСО басшысының орынбасары Сергей Шмидтке сілтеме жасап хабарлайды. 


Қостанай облысында жоғалған кәсіпкердің денесі қамыстың арасынан табылды. Бұл туралы "Костанайские новости" басылымы ҚР ТЖК Солтүстік РАОСО басшысының орынбасары Сергей Шмидтке сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылым мәліетінше, Александр Коржавин 8 қазанда Ақсуат ауылының маңындағы Қарасор көлінде жоғалып кеткен. Оны туыстары, полиция, еріктілер мен құтқарушылар іздестірді. Іздеу шараларына үлкен күш жұмсалды. Барлығы да Александр Ильичтің тірі табылатынына сенген еді. 

© kstnews.kz.

"Александр Коржавин таңғы уақытта 78 жастағы серігімен жабайы үйрекке қайықпен шыққан. Түс кезінде олардың қайығы аударылған. Николай Вещиковтың айтуынша, Коржавин қайықты тастап жағаға шығуды сұраған. Бір кезде олар бірін-бірін таппай қалған, себебі көлдің жағасында ұалың әрі ұзын қамыс өсіп тұр. Николай Вещиков жағаға шыққан кезде өзінің серігін таба алмаған. Жақын жерде жүрген аңшылар өз күштерімен Коржавинді іздестірген. Іздеу шаралапы іске аспаған соң, олар ТЖ қызметіне хабарласқан", - деп жазады басылым.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети