18 наурыз 2017 | 10:57

Қостанай облысында сатушы әйел пышақ ұстаған ұрыға тойтарыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында сатушы қаруланған ұрыға тойтарыс беріп, қуып шықты, - деп хабарлайды Alau.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында сатушы қаруланған ұрыға тойтарыс беріп, қуып шықты, - деп хабарлайды Alau.kz.

Оқиға Қарабалық ауданында болған. Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі осы оқиғаны растап берді. Асхана пышағымен қаруланған ер адам дүкенге кіре салысымен барлық ақшаны беруін талап еткен.

"Әйел адам шабуылдаған ер адамға тойтарыс берген. Сатушы оны қуып жіберген. Ұры сатушы әйелге қарсы тұра алмаған", - деді полициядағылар.

Бір сағаттан соң күдікті ұсталған. Ол Қарабалық ауданының 41 жастағы тұрғыны екенін анықталған. Ол алкогольдік ішімдікке мас болған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, осыған дейін Алматы облысында супермаркетті тонамақ болған сәт видеоға түсіп қалғаны хабарланған еді. Tengrinews.kz оқиғаның эксклюзив видеосын жариялады. Кадрлардан дүкенге кірген жігіттің бірден қассаға бет алып, сатушы әйелге қару кезенгені көрінеді. Әйел өзіне қауіп төнгеніне қарамастан, қылмыскердің өзіне тап берген. Сатушыға өзге әйел мен ер адам көмекке келіп, олар қарақшының қолындағы қаруды тартып алады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети