10 наурыз 2017 11:43

Видео: Талғардағы супермаркетті тонау кезінде сатушы қарақшының қаруын тартып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан үзінді Видеодан үзінді

Алматы облысында супермаркетті тонамақ болған сәт видеоға түсіп қалды. Оқиға 9 наурызда, кешкі тоғыз шамасында Талғар қаласында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында супермаркетті тонамақ болған сәт видеоға түсіп қалды. Оқиға 9 наурызда, кешкі тоғыз шамасында Талғар қаласында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz оқиғаның эксклюзив видеосын жариялап отыр. Кадрлардан дүкенге кірген жігіттің бірден қассаға бет алып, сатушы әйелге қару кезенеді. Әйел өзіне қауіп төнгеніне қарамастан қылмыскердің өзіне тап берген. Сатушыға өзге әйел мен ер адам көмекке келіп, олар қарақшының қолындағы қаруды тартып алады. 

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері күдіктінің ұсталғанын хабарлады. 

"Қазіргі кезде 1994 жылы туған ер адам Талғардың аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы тексеріліп жатыр", - дейді полицейлер.

Шабуылдаған жігіттің қолында тегіс ұңғылы қару болған. 20-шы калибр. Сонымен бірге, полицейлер күдіктінің сыбайластары бар-жоғын анықтап жатыр.

"Қару ресми тіркелмеген. Қазір Талғар АІІБ басшылығы күдіктіні ұстауға демескен тұлғаларды марапаттау мәселесін қарастырып жатыр", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети