Қостанай облысының 93 жастағы тұрғыны адам өлтірді деген күдікке ілінді

27 Тамыз 2018, 09:23
0
Қостанай облысының 93  жастағы тұрғыны адам өлтірді деген күдікке ілінді -

Қостанай облысының 93 жастағы тұрғыны зейнеткерді өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Аlau.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бұл оқиға Қостанайдағы Затобол ауылында болған. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері бұл мәліметті растады.

21 тамызда шамамен сағат 17.30-да Затобол ауылында денесінде зорлық белгілері бар 80 жастағы ер адамның денесі табылды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 93 жастағы күдікті анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай