10 желтоқсан 2021 09:25

Қостанай облысының тұрғыны баласын қорлаған адамды пышақтап тастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото © Алихан Сариев Иллюстрациялық фото © Алихан Сариев

Қостанай облысында әйел ер адамды пышақтап тастады. Зардап шеккен азамат бұған дейін әйелдің ұлын ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aлау.kz сайтына сілтеме жасап.


Қостанай облысында әйел ер адамды пышақтап тастады. Зардап шеккен азамат бұған дейін әйелдің ұлын ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aлау.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарасу ауданы Железнодорожный ауылының 30 жастағы тұрғынына пышақ жарақатын салу дерегі бойынша аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тіркелген соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Алдын ала тергеу барысында 46 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйінде бұрын баласын ұрып-соққан жәбірленушіге пышақ жарақатын салғаны анықталды. Ер адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети