03 қараша 2021 12:55

Қостанай орталығында бұрынғы әйелін пышақтап тастаған тұрғын сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрайиялық фото: t-l.ru Иллюстрайиялық фото: t-l.ru

Қостанайда бұрынғы әйелін өлтірген тұрғын сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда бұрынғы әйелін өлтірген тұрғын сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайлық Азамат Молдрахметов бұрынғы әйелін өлтіргені үшін сот алдында жауап берді. Оқиға биыл жазда болған. Ер адам бұрынғы әйеліне 14 рет пышақ жарақатын салып, кейін өзін жаралаған.

Сотталушы мен марқұм нашар естіп, нашар сөйлейтіндер мектеп-интернатында оқып, танысқандықтан, қылмыстық іс сурдоаудармашы қатысуымен қаралған. Прокурор Азамат Молдрахметовті 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды.

"Сот Азамат Қасымұлы Молдрахметовті ҚР ҚК-ның 99-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын деп үкім шығарды. Молдрахметов жазасын ең жоғары қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін", - деп үкім шығарды судья Жанар Тілеубаева.

Сонымен қатар, азаматтық талап ішінара қанағаттандырылып, сот Молдрахметовтен 10 миллион теңге моральдық шығын өндіруге міндеттеді. Сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ақыл-есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикалық ауытқу және үшінші топтағы мүгедектік болуын ескерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети