02 қараша 2021 09:37

Қостанай тұрғыны алты жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов Фото Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында тұратын Ресей азаматы алты жыл бойы екі елден бір мезгілде зейнетақы алып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысында тұратын Ресей азаматы алты жыл бойы екі елден бір мезгілде зейнетақы алып отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зейнеткер Қарасу ауданында тұрады. 16 жыл бұрын Ресей азаматтығын алған, бірақ Қазақстанда тұрған. Ол ресейлік зейнетақы алып отырған, ал 2015 жылы қазақстандық зейнетақы алуға құжат рәсімдеген.

"Көші-қон қызметінің қызметкерлері Ресей Федерациясының азаматшасын ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу тіркелді. Қарасу ауданының полиция бөлімінің Көші-қон қызметі "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы негізінде, егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алса, Қазақстан Республикасының азаматтығы жойылады", - деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл дерек Қарасу ауданының Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі мен Көші-қон қызметі қызметкерлерінің бірлескен жұмысы барысында анықталды. Енді зейнеткер қазынаға бес миллион теңге қайтарып, 300 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Ол келтірген залалды өтей бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети