27 шілде 2015 | 15:25

Қостанайда 13 жастағы баланы қағып кеткен жүргізуші полицейді пышақпен қорқытқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kstnews.kz ©kstnews.kz

13 жастағы жасөспірімді қағып өлтірген жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

13 жастағы жасөспірімді қағып өлтірген жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД хабарлауынша, жасөспірімді қағып кеткен мас жүргізуші полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен. Оқиға 25 шілдеде кешкі уақытта болды. Маяковский көшесінің бойында "Березка" гараж кооперативіне қарама-қарсы маңда Audi 100 С4 жүргізушісі 13 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, бетон қабырғаға жаныштап өлтірді.  

"Оқиға болған жерге жол-патруль полициясының қызметкерлері бірінші болып барды. Тәртіп сақшылары оқиға орнында 39 жастағы мас ер адамды ұстады. Куәгерлердің берген жауабы арқылы оқиғаның қалай болғанын анықтау мүмкін болды. Жүргізуші жаяу жүргінші жолына шығып кетті, ол жақта бала кетіп бара жатты, көлік артқы бөлігімен оны соқты, кейін бетон қабырғаны соғып кетті", - делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, жүргізуші наркологиялық диспансерге жеткізілді, онда оның мас екендігі анықталды. Бұдан кейін тәртіп сақшылары келесі тергеу шараларын жүзеге асыру мақсатында жол-көлік оқиғасының қатысушысымен бірге қызметтік көлікпен қалалық ішкі істер бөлімінің Оңтүстік бөліміне барды. 

"Жолда ұсталған ер адам пышақпен қорқытып, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетті, алайда оның әрекеті ауыздықталды. Сол күні ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 245-бабының 3-бөлігі және 380-бабының 2-бөлігі ойынша соталды тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.

Сонымен қатар, Қостанай әкімі Ахметбек Ахметжановтың 13 жастағы бала қаза тапқан жол апатын бақылауға алуды тапсырғаны хабарланды. "Тұрғындар қаладағы жаман жолдар үшін ұрысады. Маяковский көшесіндегі жол жаңа әрі жақсы, міне, көлікті зымырап айдайтындар осы жолдармен жөңкиді, ал ең қорқыныштысы - олардың тізгінге мас күйде отыруы. Бұл мәселені шешу керек!", - деді Ахметжанов аппарат отырысында. Ол ішкі істер бөліміне оқиғаны жан-жақты тергеп, оның қорытындысын қатаң бақылауға алуға тапсырма берді. 

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети