29 шілде 2015 | 11:00

Қостанайда 13 жастағы баланы қағып кеткен жүргізуші екі айға қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қамауға алынған Вячеслав Девин. ©Alau.kz Қамауға алынған Вячеслав Девин. ©Alau.kz

Қостанайда 13 жастағы баланы қағып кеткен жүргізуші екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Alau.kz. Еске салайық, оқиға 25 шілдеде кешкі уақытта болды.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда 13 жастағы баланы қағып кеткен жүргізуші екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Alau.kz. Еске салайық, оқиға 25 шілдеде кешкі уақытта болды.

Қаза болған баланың аты-жөні анықталып отыр - Әлішер Саматов. Ол кеше, 28 шілдеде жерленді. Ал Қостанай қаласының 39 жастағы тұрғыны Вячеслав Девиннің адвокаты сотта оның қаза тапқан баланың отбасына көмектесуі үшін жұмыс істеуі керектігін айтып, бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу туралы қолхатпен шығаруды өтінді. Алайда сот оны 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Басылым мәліметінше, сотта Әлішер Саматовтың әкесі қазіргі уақытта ешқандай да өтемақының керек емес екенін мәлімдеді. "Үш сағат бұрын баламды жерледім. Күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығаруыңызды сұраймын", - деді баланың әкесі сотта.

Сонымен қатар, мемлекеттік айыптаушы күдіктінің ұсталғаннан кейін тәртіп сақшысын пышақпен қорқытқанын растады. Бұған дейін осы дерек расталмаған болатын. "Ол өзінің қылмыстық ойын жүзеге асырмақ болып, сол қалтасынан пышақ шығарып, полицейдің тамағына тақады. Сөйтіп, автомобиль тізгінінде отырған полицейге көлікті тоқтатуға бұйрық беріп, табель қаруын талап еткен", - деп мәлімдеді прокурор Самат Баймұхамедов.

Прокурордың айтуынша, тәртіп сақшылары кенеттен болған шабуылға төтеп беріп, оған қарсылық көрсете алған. Десе де полицейлердің бірінің қолы жараланды. Осылайша, күдіктіге "Билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша да айып тағылады.

Еске салайық, Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан 13 жастағы бала қаза тапқан болатын. Оқиға 25 шілдеде кешкі уақытта болды. Куәгерлердің айтуынша, бала жаяу жүргіншілер жолынан өтуге шақ қалғанда оны Audi автомобилі басып кеткен. Оның жылдамдығының жоғары болғаны соншалықты, көлік баланы бірнеше метрге дейін сүйреп, қақпаға жаншыды.

Мұның алдында Қостанай әкімі Ахметбек Ахметжановтың осы жол апатын ерекше бақылауға алуды тапсырған болатын.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети