Қостанайда 13 жастағы қызын пышақтаған әйел қамауға алынды

12 Қаңтар 2018, 17:28
0
Қостанайда 13 жастағы қызын пышақтаған әйел қамауға алынды -

Қостанайда 13 жастағы қызын пышақтаған әйел қамауға алынды, - деп хабарлайды Alau.kz.

Басылымның мәліметінше, сот Қостанайдың 32 жастағы тұрғынын қамауға алу туралы шешім шығарды. 

"Әйел қамауға алынды. Іс басқа бапқа ауыстырылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Қостанайда 32 жастағы әйел мас күйінде 13 жастағы қызына ұрысып, оны пышақтаған еді. Қыз түрлі дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізлген болатын. Оқиға полицейлер мен дәрігерлерді түршіктерген болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін13 жастағы қызға қатысты істі тергеу бабы ауыстырылғаны хабарланған еді. "ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-тарауы және 99-баптың 1-тарауы - "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген еді ІІД хабарламасында. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай