1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қостанайда бұрынғы бас дәрігерді өлтірді делінген күдікті ұсталды

© Қостанай облыстық ІІД © Қостанай облыстық ІІД

Қостанайда бұрынғы бас дәрігерді өлтірді делінген Руслан Гафаров ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 2017 жылдың 17 сәуірінде Қостанай облыстық ІІД өкілдері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында осыған дейін іздеуде жүрген Руслан Гафаров ұсталды.

"Қылмыс жасады делінген күдікті Қостанай қаласындағы пәтерлердің бірінен табылды. Ол қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІД өкілдері.

Еске салайық, Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаева 20 ақпанда өз пәтерінен өлі табылған болатын. Оған 30 жерден пышақ салғаны хабарланған болатын.