1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қостанайда оқушы қызды өлтірді деген күдікті анықталды

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қостанай қалалық ІІД баспасөз қызметі 15 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды Alau.kz.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Күдікті анықталды. Қостанайдың 44 жастағы тұрғыны. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанайда белгісіз біреулердің оқушы қызды өлтіріп кеткені хабарланған болатын. Кейін мектеп директоры өлтірілген оқушы қыз жайлы айтып берді.

Доллар арзандады
ШҚО-да ұшақ өртенді