Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.79
EUR / KZT - 402.94
CNY / KZT - 51.90
RUB / KZT - 5.33

Мектеп директоры Қостанайда өлтірілген оқушы қыз жайлы айтып берді

19 Наурыз, 12:36
0
© pexels.com
© pexels.com

Қостанайда өлтірілген мектеп оқушысы қамқоршыcымен бірге тұрған. №11 мектеп директоры Гүлмира Ильясованың айтуынша, ол көңілді және ақ жарқын қыз болатын, - деп хабарлайды Аlau.kz.

9-сынып оқушысы сол күні үйіне жаттығудан келген. Ол волейбол мен регбиге қатысқан.

"Не болғанын білмейміз. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қыз жақсы оқитын, тәртібі де жақсы болатын. Ұзын бойлы, әдемі болатын. Мектептегілер мен оқушылар барлығымыз есеңгіреп қалдым. Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Сұмдық жағдай. Барлығымыз көңіл айтамыз", - деді Гүлмира Ильясова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанайда белгісіз біреулердің оқушы қызды өлтіріп кеткені хабарланған болатын. 

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай