21 маусым 2018 17:52

Қостанайда өлтірілген оқытушы әйел ажыраспақшы болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ольга Исенова "ВКонтакте"/kstnews.kz Ольга Исенова "ВКонтакте"/kstnews.kz

Қостанай университетінде өлтірілген Ольга Исенова өлімінің алдында күйеуімен ажыраспақшы болған. Бұл туралы қаза болған әйелдің анасы Галина Исенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай университетінде өлтірілген Ольга Исенова өлімінің алдында күйеуімен ажыраспақшы болған. Бұл туралы қаза болған әйелдің анасы Галина Исенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің айтуынша, қайғылы жағдай болған күні күн ыстық болған, ал күйеуі жұмысқа күрткемен келген. Айтуынша, ол пышақты сонда тығып кірген.

"Қалай ғана адамның тамағын орып жіберуге болады? Нағыз жануар ғой! Тамағын орып жіберген, бірнеше рет пышақтаған... Медициналық қорытындыда солай көрсетілген. Пышақ жарақаттарының терең болғаны соншалық -  мойындырық көктамырына дейін жеткен. Басын кесіп ала жаздаған тіпті", - дейді әйел.

Сондай-ақ, Галина Федоровна қызының күйеуімен Алматыда студенттік кезде танысқанын айтады. Ольга Исенова күйеуімен 13 жыл тұрған екен. Бірақ, айтуынша, күйеуі өте сараң және өте қызғаншақ адам болған.

"Нашар адам болатын. Қызғаншақтығы да бар, сараңдығында сөз жоқ. Қызым оған шыдап келді. Бірақ кейінірек ол маған әрі қарай төзе алмайтынын айтты", -дейді Галина Исенова.

Анасының айтуынша, Ольга Исенова күйеуінен осыдан екі ай бұрын кеткен. Жалдамалы пәтерде тұрған. Себебі күйеуі әйелі мен балаларына пәтерді беруден бас тартқан. Ал 14 мамырда бірінші сот процесі өткен. 

Қаза болған әйелдің туыстарының айтуынша, Ольга жақсы табыс тапқан, Челябіде аспирантурада оқыған.

"Оля өте ақылды, дарынды қыз болатын, ән де айтатын, мектепті өте жақсы деген бағаға бітірген", - деп еске алады математика пәнінің мұғалімі  Наталья Омельяненко.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 20 маусымда болған. Қостанайдағы әлеуметтік-техникалық университетінде оқытушы болып жұмыс істеген Ольга Исенованы жұмыс орнында өлтіріп кеткен болатын. БАҚ мәліметінше, қаза болған 35 жастағы Ольга Исенова инжернерлік-технологиялық факультеттің кафедра меңгерушісі болған.

Ал кейінірек сол күні әйелдің жұмысына күйеуі келіп кеткені хабарланған еді. Белгісіз себептерге байланысты ол әйелін пышақтап, 8-қабаттың терезесінен секіріп кетіп, мерт болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети