Қазақстанның прокурорлары сәбиді аштан өлтірген ресейлік әйелді қылмыстық жауапкершілікке тартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай прокуратурасына сілтеме жасап.
Қазақстанның прокурорлары сәбиді аштан өлтірген ресейлік әйелді қылмыстық жауапкершілікке тартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай прокуратурасына сілтеме жасап.
"Қылмыстық іс қыз баланың анасына қатысты қозғалды, оның тәрбие және бала күтімі жөніндегі міндеттемесін орындамауы сәбидің қайтыс болуына әкеліп соққан", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бір жарым жастағы Валерия Вельш аштықтан әлсіреген күйінде ауруханаға жатқызылған болатын. Дәрігерлер сәбиді бірден жан сақтау бөліміне жатқызды, өйткені одан улы нефрит, бүйрек жеткіліксіздігі және ми ісінуі анықталды. Алайда сәби өмірін құтқару мүмкін болмады.
Учаскелік дәрігерлер қалалық білім бөлімінің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі секторына жағдайы қиын отбасы туралы өткен жылдың қараша айында хабар берген. Шенеуніктер отбасының тіршілігімен танысқан, бірақ бұл үйдегі балалардың жағдайы алаңдаушылық туғызбайды деп есептеген. Сәбидің анасы - Ресей азаматы, бірақ жеке басын куәландыратын ешқандай құжаты жоқ.