16 маусым 2014 09:03

Қостанайда бір жарым жасар бала жүдеуліктен көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет kp.ru сайтынан алынған Сурет kp.ru сайтынан алынған

"Қостанайда бір жарым жасар бала жүдеуліктен көз жұмды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мегаполис" ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Қостанайда бір жарым жасар бала жүдеуліктен көз жұмды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мегаполис" ақпарат құралына сілтеме жасап.

Бейкүнә сәби Валерия Вельш ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Қалалық балалар ауруханасының реаниматологі Федор Штейгервальдтің айтуынша, сәбиде сепсис (ағзаға жұқпалы аурудың тұтас жайылып кетуі) диагнозы, пневмония, гепатит, нефрит, бүйрек ауруы анықталған. Сәби өте жүдеу және денесі құрғақтанып кеткен күйде болған. Белгіленген норма бойынша 12 келі болуы тиіс сәбидің салмағы бар болғаны алты келі. Сондай-ақ, дәрігерлер сәбидің кір-қожалақ, қараусыз болғанын айтады.

Кейінірек белгілі болғандай, үш күн бойы сәбидің ыстығы жоғары болған және анасы Юлия Вельш учаскелік полицейдің күштеуімен "жедел жәрдем" шақырған.

Сәбидің анасы болса, кішкентай қызын дұрыс тамақтандырғанын, ал өліміне екпе себеп болғанын айтады. Юлия Вельштің тағы үш баласы бар: 10 жасар ұлы интернат-үйінде тәрбиеленіп жатса, ал ортаншы ұлы мен кіші қызы анасымен және ол бірге тұратын ер адаммен бірге жасайды. Балалардың құжаттары да жоқ.

Қалалақ білім бөліміндегілер Юлия Вельштің проблемалы отбасы ретінде полицияда тізімде тұрмайтынын айтады. Сондықтан оны ата-аналық құқығынан айру мүмкін емес. Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалмаған.

Айта кетерлігі, учаскелік дәрігерлер бұл отбасындағы балалардың жағдайы туралы қалалақ білім бөліміне өткен жылдың қараша айында хабарлап, сауал жіберген. Білім бөлімінің қызметкерлері ол отбасының жағдайымен танысып, балалардың жағдайына алаңдайтындай ештеңе жоқ деп шешкен. Десе де, Валерии Вельш қайтыс болғаннан кейін 9 күннен соң білім бөлімі аталмыш отбасындағы балалардың тұрмыс жағдайына қатысты хатқа жауап қайтарыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети